Тәуелсіздіктің 30 жылы ақмолалықтар үшін табыспен еселенуде
Ақкөл ауданы Домбыралы ауылында сүт-тауар фермасы салынуда. «Ақкөл Агро» серіктестігінің бас директоры Мәди Есқараевтың айтуынша, 300 бас сауын сиырға арналған нысан ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі.
Целиноград ауданында «Сивка-Бурка» шаруа қожалығы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Бес жыл бұрын «Құлан» бағдарламасы бойынша бірнеше бас жылқы сатып алуға несие алды. Шаруашылық басшысы Игілік Тәлкенов «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 138 бас сауын сиыр, алты бұқа герефорд сатып алғанын айтуда. Бүгінде мал басы 400 басты құрайды.
«Айдар» шаруа қожалығы Ерейментау ауданы Новомарковка ауылының маңында орналасқан. Биыл егістік алқабы 400 гектардан 600 гектарға дейін ұлғайтылды, 300 гектар жерден жүгері, 150 гектарға судан шөбін, 150 гектардан жоңышқа жинап алды. Жем-шөп «Жаңа береке» серіктестігіндегі мал бордақылау алаңындағы үш мың басы ірі қараға арналған.
Осы ауылда «Новомарковка Агро-2010» ЖШС орналасқан. Серіктестік директоры Серік Ізбасаров биыл 12 мың гектар егістік алқаптан дәнді дақылдар жиналғанын, үш мың гектар алқап парға қалдырылғанын айтуда.
«Өткен жылы біз дәнді дақылдарды тазалау және кептіру бойынша жабдық орнаттық. Астық қоймасы жөнделді. Осының арқасында биылғы алтын астықты шашпай төкпей жинап алдық. Субсидия түрінде қолдау көрсеткені үшін мемлекетке алғысымыз шексіз», - деді серіктестік директоры.
Айта кетейік, еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінің бірі саналатын облыс солтүстік бөлігінде алғашқылардың бірі болып егін орағын аяқтап отыр.