Тәуелсіздіктің жарқын жылнамасын жазуға атсалысқан жандардың ішінен мен Ә. Кекілбайұлы есімін әр кез риза көңіл, риясыз сезіммен айтып жүремін - Н. Назарбаев

АСТАНА. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тәуелсіздіктің жарқын жылнамасын жазуға атсалысқан жандардың ішінен мен Ә. Кекілбайұлы есімін әр кез риза көңіл, риясыз сезіммен айтып жүремін. Бүгін заманымыздың заңғар тұлғасы, белгілі жазушы, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевтың 70-жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кешінде сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді,

Тәуелсіздіктің жарқын жылнамасын жазуға атсалысқан жандардың ішінен мен Ә. Кекілбайұлы есімін әр кез риза көңіл, риясыз сезіммен айтып жүремін - Н. Назарбаев

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгін еліміздің мәдени-рухани өміріндегі жарқын да жарасымды, абзал да ардақты мерекелі күннің бірі. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сөз өнерінің сардары, қазақ әдебиетінің саңлағы Әбіш Кекілбайұлы 70 жасқа толып отыр. Мағыналы ғұмырының мазмұнды шақтарын, өнегелі өмірбаянының өміршең шектерін табиғи талантымен өрнектеген, еңбек жолдарын халқының ғұмырнамасымен өрнектеп берген айтулы дарын - Әбіш Кекілбайұлы, осындай тамаша да тағылымды күнін бізбен, бүгінгі замандастарымен бірге қарсы алып отыр. Жемісті жылдар мен жеңісті жылдарды қамтыған жайсаң жасыңыз құтты болсын!», деді Н. Назарбаев.

 Сонымен бірге, өзінің құттықтау сөзінің барысында Елбасы Ә. Кекілбайұлының шығармашылық табыстарына, сол саладағы бағындырған шыңдарына, қыруар еңбектеріне  тоқтала отырып, жазушының қайраткерлік бейнесі туралы ойын да ортаға салды. «Ата-бабамыз армандап өткен ұлы күнге - азаттық пен еркіндікке қол жеткізген тарихи кезеңде тізе қосып, тәуелсіз күндердің жарқын жылнамасын жазуға атсалысқан жандардың ішінен мен Ә. Кекілбайұлы есімін әр кез риза көңіл, риясыз сезіммен айтып жүремін», деді Елбасы.