Тәуелсіздіктің жасампаз 20 жылдығы - елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы - республикалық басылымдарға шолу

ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 26 қараша, сенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Кеше «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 14-съезі өтті. Оған Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев қатысып сөз сөйледі. Елбасы сөзінің толық нұсқасы «Егемен Қазақстан» газетінде «Ұлы жеңістерге халықпен бірге жетеміз» деген тақырыппен берілген. «Тәуелсіздіктің жасампаз жиырма жылдығы - елдігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы. Біз мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басу арқылы ел дамуының жаңа кезеңінде тұрмыз. Бүгінде дамудың 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыра бастадық. Ғасырлық мәні бар бұл жоба бізге жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді. Оның үстіне, болашақтың не ұсынарын болжап білу қиын. Көптеген елдер дағдарыс дауылына шыдас бермей, шайқалуда. Сондықтан бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал», - деп атап өткен Мемлекет басшысы.

«Кеше Мұнай және газ министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның он бесінші отырысы өтті. Оған еліміздің Мұнай және газ министрі С.Мыңбаев пен Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрі В.Христенко жетекшілік етті. Отырысқа комиссияның қазақстандық және ресейлік өкілдері, сондай-ақ министрліктердің, ведомстволардың жауапты қызметкерлері қатысты», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Басылымның атап өтуінше, комиссияның 15-отырысында 30-дан астам мәселелер, атап айтсақ, отын-энергетикалық кешен, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, атом энергетикасы, әскери-техникалық ынтымақтастық, «Байқоңыр» кешені бойынша, ғылым, білім және жаңа технологиялар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мәселелер қаралды.

***

Жаңа жылдың алғашқы айында жоспарланып отырған саяси сайысбарысында ешқандай дау-дамай туындамауы тиіс. «Айқын» газетінің жазуынша, сайлауды ұйымдастырушылардың ең басты мақсаты мен мұраты осы екенін жеткізген ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына әзірлік жне оны өткізу мәселелеріне арналған семинар-кеңес кезінде: «Ұйымдастырушылар сайлау заңдарының бұзылу жағдайларының алдын алып, заң бұзылған жағдайда кемшілікті бірден қалпына келтіруі тиіс», - депті. Бұл жайында егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, басылымның сенбілік санындағы «Сайлауда дау-дамай туындамауы тиіс» деген мақалаға назар салыңыз.

«АИБА өзінің жаңа рейтингін жария етті. Аталмыш ұйым барлық 10 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды іріктеп, олардың тізімін рет-ретімен берген екен. Өкінішке қарай, үздіктер арасында Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері жоқ. Соңғы әлем чемпионатында 2 күміс пен 2 қола медальді олжалаған жерлестерімізді көшбасшылар қатарынан кезіктіре алмауымыз көңілге кірбің келтірді», - деп жазады «Айқын» газеті «Жерлестеріміз желпіне алмады» деген тақырыптағы мақаласында. Осы және басқа да спорт тақырыбында жазылған мақалаларды оқығыңыз келсе, «Айқын» газетінің сенбілік санын жіберіп алмаңыз.

***

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми ТүркПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының отырысына қатысу үшін Астанаға келген Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының делегация мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Қ.Мәми түркі әлемі халықтарының арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға жәрдемдесетін шараларға қатысқаны үшін парламентшілерге алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар