Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір 30 қазанда ашылады
Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір 30 қазан күні ашылады. Көпір сегіз жолақты, яғни төртеуі бір жағында, қалған төртеуі екінші жағында болмақ, деп хабарлайды Kazinform.
Көпір үстінде сынақ 25 қазан күні басталады.
Көпір статикалық жүктемемен сыналады — кезең-кезеңімен арнайы техника (30 тонналық самосвалдар) жүріп өтеді.
Көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін тиісті көрсеткішті беретін сенсорлар орнатылады.
Осылайша жүргізушілер үшін қозғалыс 30 қазанда ашылады.
Ал абаттандыру жұмысы көктемге дейін жалғасады.
«Бұл көпір өзге көшелерге түсетін күшті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т. б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді» дейді әкімдіктен.