Тәуелсіздік күніне орай Алматыда отшашу бола ма

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай Алматыда отшашу болмайды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Отшашу
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Тәуелсіздік күніне орай мегаполис аумағында отшашу жоспарланып отырған жоқ, — деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Осыдан 33 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған еді.

Еске салайық, желтоқсан айындағы басты мереке 16 желтоқсан — Тәуелсіздік дүйсенбіге келіп тұр. Мерекеге орай 5 күн жұмыс істейтін азаматтар 14,15,16 желтоқсан үш күн қатарынан демалады. 6 күндік жұмыс кестесі бойынша 14 желтоқсан жұмыс күні, ал 15 және 16 желтоқсан — демалыс. 

Соңғы жаңалықтар