Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында медициналық нысан ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет қаулысымен өткен жылдың соңында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық  ұлттық  жобасы аясында 2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысан салу жоспарланған. Бүгінгі күні биылға жоспарланған 12 нысанның 5-еуі халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысуымен 6-шы нысан халықтың игілігіне берілді. Бұл нысанды салуға республикалық бюджеттен 374 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Құрылыс мерзімі 4 ай болса да, «Фирма ИСКОМ» ЖШС мердігер компаниясы белгіленген мерзімнен ерте аяқтады.

Аталған дәрігерлік амбулатория күніне 35 адам қабылдай алады, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған, ауыл тұрғындар арасында 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Дәргерлік амбулатория емдеу-профилактикалық объектісі саналады, ішінде жалпы дәрігерлік-профилактилық дәрігер кабинеті, процедуралық, физиотерапевттік, тіс емдейтін кабинеттер, акушер-гинеколог кабинеті, зертханалар мен дәріхана, сонымен қатар дені сау баланың кабинеті және тағы да басқа қарастырылған. 

БҚО
Фото: БҚО әкімдігі

Жалпы биыл облысымызда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 92 млрд. теңге қарастырылды. Осы жылы 5,5 млрд. теңгеге медициналық жабдық сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 204 бірлік медициналық жабдық алынды. Сондай-ақ облыста медициналық ұйымдарға жергілікті бюджет есебінен 1,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 81 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды.

БҚО
Фото: БҚО әкімдігі

Жалпы сомасы 1 млрд, 733 млн теңгеге жуық қаржыға 22 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 6 нысан бар. 18 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.

БҚО
Фото: БҚО әкімдігі

Өңір басшысы ауыл тұрғындарын ел дамуына, ұлтымыздың денсаулығы зор болуына, өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа нысанның ашылуымен және келе жатқан Тәуелсіз күнімен құттықтай отырып, тарихи маңыздылығына тоқтап, елімізге береке-бірлік, әр отбасыларына амандық тіледі.