Тәуелсіздік күніне орай Рудный қаласында 40 отбасы баспаналы болды

үй
Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қостанай облысы Рудный қаласында көпбалалы отбасылар, жетімдер мен әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындарға пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Kazinform.

үй
Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рудный қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Мейірбек Ысмағұловтың айтуынша, Ленин көшесіндегі реконструкцияланған 107-үйден 40 пәтер қайта бөлініп отыр. Атап айтқанда көпбалалы отбасылар (8 пәтер), жетімдер (9 пәтер) және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері (23 пәтер) үйлі болды.

үй
Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ғимаратқа реконструкция жүргізген құрылыс компаниясының директоры Нұралхан Кульчиковтың айтуынша, биыл 6 мың, келер жылы 2 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл тұрғын үйдің барлығы халықтың осал топтарына тапсырылады.

үй
Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, қалада екі ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Горький көшесіндегі 64-үйдің 56 пәтері, Ленин көшесіндегі 215-үйдің 114 пәтері реконструкцияланады.

Сондай-ақ ТКШ бөлімі жыл басынан бері тұрғын үй қорын түгендеу жұмысын жүргізіп жатыр. Осы күнге дейін 53 пәтер анықталып, коммуналдық меншікке қайтарылды. Оның ішінде көпбалалы отбасыларды, жетімдер, мемлекеттік қызметкерлер, төтенше жағдай қызметкерлері мен ХӘОТ өкілдерін қоса алғанда 41 адам кезек бойынша қоныстандырылды.

Соңғы жаңалықтар