12:23, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Тәулік ішінде республикамызда жол-көлік апатынан 3 адам мерт болды
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Жол-көлік оқиғасы салдарынан республикамызда үш адам мерт болды, тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысында «ГАЗ» автокөлігінің 34 жасар жүргізушісі 12 жасар екі қыз баланы қағып кеткен. Алған жарақаттан біреуі оқиға орнында мерт болды, екіншісі ауруханаға жатқызылды.
Павлодар облысындағы «Омбы-Павлодар» автожолының 308 шақырымында «Тойота» автомобилі аударылып түскен, соның салдарынан 29 жасар жүргізуші мен 72 жасар жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. 19 жасар тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.