Тәулік ішінде республиканың су айдындарында екі адам суға кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Маусымның 27-сі. ҚазАқпарат - Тәулік ішінде республиканың су айдындарында екі адам суға кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысы аумағында Ертіс өзенінде шомылып жүрген 17 жасар жасөспірім суға батып кетті. Дәл осындай жағдай Қызылорда облысында да орын алды. Он үш жасар бала Сырдария өзеніне ағып кеткен.
Су-құтқару қызметінің күшімен олардың денелері судан шығарылды.