Таулы аймақтарда көшкін болуы ықтимал
Осыған байланысты Алматы облысындағы тау жоталарында жатқан қар қабаты нығыздалып, тұрақсызданады да, қар, лай көшкіндері жүруі мүмкін» деп ескертеді Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, деп жазады «thenews.kz» порталы.
«Қазақ ауа-райын болжау» мемлекеттік мекемесі ақпанның 5-і мен 11-і аралығында Қазақстанда ауа-райы тұрақсыз болады деп болжайды. Осы кезеңнің басында республика аумағында жауын-шашын жауады. Еліміздің солтүстігінде боран соғады. Ал шығыста түнде ауа температурасы -23, -25 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде көктайғақ болып, желдің қуаты секундына 15-20 метрге дейін жетеді, дейді мамандар. Еріген қардың, жиі және бірнеше күн бойы толастамай жауатын жаңбырдың суы таулы аймақтарда көшкін жүруіне себеп болады. Ақпан, наурыз айларында тау қыраттарынан түсетін қар көшкіндері жиі болады. Күн жылып, қар еріп болғанда лай көшкіндері басталады.
Сондықтан құтқару қызметі жылдың осы мезгілінде тауға баратындарға көшкіннен сақ болуды ескертеді.