Таулы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары талқыланады - Бішкек
БІШКЕК. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бішкекте желтоқсанның 11-інде «Таулы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбына арналған конференция өтеді.
Қырғыз Республикасының Таулы аудандарды дамытудың ұлттық орталығы бастамашы болып отырған бұл шара Таулардың халықаралық күніне орайластырылуда.
2002 жылы Қырғызстан БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында Таулардың дүниежүзілік жылын өткізу бастамасын көтерген болатын. Тау жүйелерінің Жер халқының жартысын таза сумен қамтамасыз етіп отырған ғаламшардың «су айдаушы мұнаралары» болып табылатындығы атап көрсетілді.
Әлемнің орнықты дамуындағы таулардың ролі мен маңызының мойындалуы БҰҰ Бас Ассамблеясының бірқатар арнайы қарарлар қабылдауына негіз болды. Ол құжаттарда халықаралық қаржы ұйымдарына, БҰҰ құрылымдары мен дамыған мемлекеттерге таулы елдерге экономикалық және технологиялық көмек көрсетуге кеңес берілген.
Қырғыз Республикасының Таулы аудандарды дамытудың ұлттық орталығының өкілі Н.Биарслановтың пікірінше, климаттың жаһандық өзгеруі мен таулардағы мұздықтардың еруі кедей таулы мемлекеттердің қоршаған ортаның жағдайына тәуелділіктерін күшейтуде. Мұның салдары бүкіл орталықазиялық аймақ үшін қауіпті болуы және су ресурстарының жетіспеушілігінен әлеуметтік, мемлекетаралық проблемалардың орын алуына әкелуі мүмкін, дейді сарапшы.
Шараға АҚШ, Еуропа, Орталық және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің зерттеушілері қатысады.