Таулы өңірлерде қар көшкіні болуы ықтимал
АЛМАТЫ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыздың 26-ы мен 28-і аралығында қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аумақтарында қар көшкіні болуы мүмкін.
Бұл туралы ҚазАқпараттың тілшісіне Қазгидрометке сілтеме жасай отырып Алматы қаласы төтенше жағдайлар бойынша департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала тұрғындары мен туристерден таулы аумақтарға серуендеуден және саяхатқа шығудан бас тартқан жөн. Төтенше жағдайлар болған немесе оның қаупі туындаған жағдайда Алматы қаласы бойынша ТЖД- Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 274 22 19, 101, 112, 109 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.