Таулы жердің тұрғындарына семіздік қауіпті емес - БАҚ

АСТАНА. 18 ақпан ҚазАқпарат - Адамның салмағы оның теңіз деңгейінен қандай биіктікте өмір сүретініне байланысты.
None
None

Таулы өңірлер тұрғындарында артық салмақ қаупі төмен болады. АҚШ-тың Мэриленд университетінің ғалымдары осылай деп отыр, деп жазды "Алаш айнасы" germanytraveling.ru сайтына сілтеме жасап.

The Daily Mail-дің хабарлауынша, Джейсм Уосс бастаған ғалымдар тобы Колорадода тұратын 400 мың адамның мәліметтерін талдаған. Зерттеудің нәти­же­сінде күтпеген қызық жайт анықталды: тұрғындардың тіршілік ету ортасы 660 футқа (200 м) биіктеген сайын олардың артық салмақтары азая түскен. Мысалы, теңіз деңгейінен үш шақырым биікте өмір сүретін 236 адамның ешқайсысынан семіздік белгісі байқалмады. Олардың арасында спортпен шұғылданатындар көп, ал шылым шегетіндер аз болып шықты. Сонымен бірге Уосстың тобы ең төменгі биіктікте өмір сүретін адамдар денесі массасының орташа индексі - 26,6-ға, ал таулы өңірлер тұрғындары­ның дене массасының орташа индексі 24,2-ге тең екенін анықтады.

Соңғы жаңалықтар