Тауып алған дәнінен есірткі өсірген түркістандық жауапқа тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есігінің алдында есірткі өсіріп отырған тұрғынды «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық шарасы кезінде анықтады. Полицейлер аулада өсіп тұрған 3 түп өсімдікті айғақ ретінде тәркілеп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы оның сора өсімдігі екендігін растады. Тәртіп сақшылары күдіктіні полиция бөліміне жеткізді», - деп мәлімдейді департаменттен.

Анықталғандай, ер адам ауданға қарасты егістік алқабының шетінен сіріңке қорабын тауып алған. Оның ішіндегі заттың есірткіге ұқсас екендігін біліп, өсіру үшін үйіне алып келген.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, Түркістан облысының тұрғындары екі қап есірткімен ұсталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram