Тай боксы: Қазақстандықтар Еуропа чемпионатында айды аспанға шығарды

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық Валим Лопарев пен Еламан Саясатов муайтайдан (тай боксы) Еуропа чемпионы атанды,

Тай боксы: Қазақстандықтар Еуропа чемпионатында айды аспанға шығарды

деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Португалияның астанасы Лиссабонда өткен турнир тек ересектер арасында ғана емес, сонымен бірге жастар арасында да өткізілді.

Қазақстандық жасөспірімдер құрамасы бес медаль олжалады, ішінде алтын да бар. 45 келі салмақ дәрежесінде атыраулық Еламан Саясатов жеңімпаз атанды.

Тағы үш спортшы - Абылай Құралбаев (48 келіге дейін), Райымбек Сембек (60 келіге дейін) және Олжас Қалижанов (71 келіге дейін) финалға шықты, алайда қарсыластарына есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Қазақстандық спортшылардың тағы бірі - Қуаныш Сауатов (75 келі) қола еншіледі.

Ересектер командасы да жақсы нәтижеге қол жеткізді. 75 келіге дейінгі салмақта қаскелеңдік Вадим Лопарев қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Команда құрамындағы өзге төрт спортшы екінші орынға ие болды. Олар - Ишан Галиев (54 келіге дейін), Аман Қабдоллаев (57 келіге дейін), Тахир Агишев (63,5 келі) және Рүстем Ақжанов (71 келіге дейін). Ал Рүстем Әшімбаев (67 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.