Таяу 2-3 аптада көкөніс пен жеміс-жидек бағасы күрт арзандайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу 2-3 аптада елімізде көкөніс пен жеміс-жидек бағасы күрт арзандайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Атамекен» ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитеті хатшылығының хатшысы Ербол Есенеев айтты.
None
None

«Сұраныстың қамтамасыз етілмеуі деген түсінік бар. Жабық топырақта өсірілген көкөністің, мәселен қиярдың келісі қаңтар-ақпан айларында 90-нан 800 теңгеге дейін ауытқып тұрады. Егер мүмкіншіліктер жайында айтар болсақ, онда Қазақстан өзін қамтамасыз етумен қатар экспортқа шығаруға да мүмкіндігі бар. Сондықтан да қазіргі уақытта қияр мен қызанақ 400-500 теңгеден сатылып жатыр дейтін болсақ, онда оның құнының басым бөлігін жылыжайды жылытуға кететін шығын құрайды», - деді Е.Есенеев.

Оның атап өтуінше, қазірдің өзінде еліміздің оңтүстігінен көкөніс түрлерінің келуі көлемінің біршама артқанын байқауға болады.
«Қиярды базардан келісін 200-300 теңгеден де табуға болады. Егер қазақстандық өнім бағасы жайында айтар болсақ, онда ол салыстырмалы түрде анықталады. Таяуда ғана бізде қытайлық серіктестермен екіжақты кездесу өтті. Мен сіздерге біздің өнімнің сапасы да, құны да барынша тартымды екендігін айта аламын. Оларда ет 3 есе, өсімдік май мен ұн екі есе қымбат», - деді ол.
Сонымен қатар, ол елордада арзан бағамен қиярды қайдан алуға болатындығын да айтып берді.

«Мен соңғы рет «Еуразия» сауда орталығынан сенбі күні сатып алдым. Оңтүстікқазақстандық өндірушілердің қиярының 1 келісі 300 теңдеген болды. Қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстігінде жылыжайдан ашық топыраққа көшіру басталып та кетті. Таяу екі-үш аптаның ішінде баға бірден күрт төмендейді. Өйткені, ұсыныс барынша мол болады», - деді Е.Есенеев.

Соңғы жаңалықтар