Таяу 4 жылда Қазақстанда санитарлық ағаш кесудің барлық түрлеріне мораторий енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті ҚР санитарлық ағаш кесудің барлық түрлеріне мораторий енгізуді ұсынды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Таяу 4 жылда Қазақстанда санитарлық ағаш кесудің барлық түрлеріне мораторий енгізіледі

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының м.а. Қайрат Үстеміровтің айтуынша, таяу 4 жылдағы мораторий табиғатқа «демалуға» мүмкіндік береді.

«Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті қазіргі уақытта ҚР санитарлық ағаш кесудің барлық түрлерін жабу мәселесін қарап жатыр. Өңірлердің қатысуымен өткен кеңесте біз соңғы 3-4 жылда республика бойынша санитарлық ағаш кесу көлемінің артуына байланысты осындай ұсыныс жасадық. Санитарлық ағаш кесуге белгілі бір уақытқа мораторий енгізу нұсқасын қарастырып жатырмыз», - деп мәлімдеді Үстеміров ҚР АШМ брифингі барысында.

Оның айтуынша, келесі аптада депутаттардың, «Атамекен», қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және т.б. қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.