20:06, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Таяу болашақта теледидарды көз жанарына орнатуға болады
МӘСКЕУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат – Он жылдан кейін рынокта контактылы линза нысанындағы теледидар пайда болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Осындай теледидарды өмір шындығына айналдыру үшін қажетті технология мен білім қазірдің өзінде бар. Бұл ретте, мұндай теледидар арнайы энергетикалық қондырғыны талап етеді, ол адам денесінің жылуынан жұмыс істейтін болады. Бағдарламаны ауыстырып қосу үшін не дауыстық команда, не қолдың айрықша қозғалысы қажет етіледі. Телеарналардың хабарларымен қатар ол Интернет және бейнетелефон сигналдарын да қабылдай алады.