Таяу күндері елордада велотрек бойынша ұлттық чемпионат басталады

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - 25 қыркүйекте «Сары-Арқа» республикалық велотрегінде велосипед спорты бойынша Қазақстанның ұлттық чемпионаты басталады.

Таяу күндері елордада велотрек бойынша ұлттық чемпионат басталады

Осы жарыста әр облыстан үш мықты спортшы қатысатын болады. Онда жеке және командалық дода, спринт, кейрин, скретч, мэдисон және ұпай бойынша командалық жарыс ескерілген.

Бұл шара ҚР Велосипед спорты федерациясының қолдауымен Штаттық ұлттық командалар дирекциясымен ұйымдастырылып отыр.