Таяу күндері Қазақстанның солтүстігінде қалың қар түсіп, бұрқасындатып, жел күшейеді деп күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу күндері Қазақстанның солтүстігінде қалың қар түсіп, боран соғады, күшті жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Қазақстанның орталық аудандарында орналасқан циклон тылына Карск теңізінен арктикалық ауа келіп түседі. Сондықтан солтүстік облыстарда түнгі температура көтеріліп, 23-30º-ға дейін аяз болады деп күтілуде. Бұл нормадан 4-8º төмен.
Жақын тәуліктерде бұл аудандарда қар жауып, бұрқасындатады, батыстан 15-25 м/с жел соғады деп күтілуде. Ал республиканың оңтүстігі белсенді фронтальдық аймақ ықпалында болады, бұл жерлерде 7-9 қаңтарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ орын алады деп күтілуде. Жерортатеңізі ауданынан жылы, ылғалды ауа әкелген оңтүстік-батыс ағындардың ықпалымен температура әдеттегіден 3-6º жоғары болады деп болжануда», - делінген хабарламада.