Таяу Шығыста шиеленіс: Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді

АСТАНА.KAZINFORM — Соңғы бірнеше сағат ішінде Иран Израиль бағытына 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) жіберді, деп жазды Kazinform агенттігінің тілшісі The Jerusalem Post-қа сілтеме жасап. 

Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді
Фото: jpost.com

Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) өкілі, бригадалық генерал Эффи Дефрин жұма күнгі баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, Израильдің 200-ден астам әскери ұшағы Ирандағы 100-ден астам нысанға соққы жасаған, бұл операция кезінде 330-дан астам оқ-дәрі қолданылған.

Генерал дрондардың Израильге нақты қашан жететінін нақтыламады, бірақ израильдік басылымның жазуынша, 2025 жылғы сәуір айында осындай ұшқышсыз аппараттар жолда бірнеше сағат жүрген.

Бұған дейін хабарланғандай, Израиль Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жауып тастады.

Осы жағдайға байланысты Тель-Авивтегі ҚР елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.

Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етті.

Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін мұнай бағасы күрт көтерілді.

Соңғы жаңалықтар