Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін мұнай бағасы күрт көтерілді

АСТАНА.KAZINFORM - Израиль Иранға әуе шабуылдарын бастағаннан кейін шикі мұнай фьючерстері күрт көтеріліп, 13%-ға өсті, деп хабарлайды CNBC.

Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін мұнай бағасы күрт көтерілді
Фото: freepik

Американың West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 9,66%-ға қымбаттап, барреліне 74,64 доллар болды, ал Brent маркалы мұнай барреліне 9,27%-ға өсіп, 75,79 долларға жетті. Бұл – 2020 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Айта кетейік, Иран билігі Израильмен арадағы шиеленістің күрт шиеленісуіне байланысты Тегеран мен елдің орталық провинцияларында бірнеше нысанда жарылыс болғанын растады.

Соңғы жаңалықтар