Таяу Шығыстағы ахуал: Трамп Иранмен бітімді ұзартты

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Трамп объяснил публикацию изображения в образе, похожем на Иисуса
Фото: Anadolu

Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимін және бітімді Тегеран өкілдері бейбіт реттеу бойынша ұсынысын ұсынғанға дейін әрі келіссөздер аяқталғанша ұзартқанын жариялады.

Сонымен қатар, ол АҚШ қарулы күштеріне блокаданы жалғастыруды және «барлық бағытта әрекет етуге толық дайын болуды» тапсырғанын атап өтті.

Бұған дейін Вашингтон жариялаған екі апталық бітімнің мерзімі сәрсенбі күні кешке (АҚШ-тың шығыс уақытымен), Астана уақыты бойынша бейсенбі таңында аяқталуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алайда тараптар нақты мерзім бойынша бірыңғай ұстаным білдірмеген.

Kazinform агенттігінің Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі дайындаған материалда Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздерге қатысты негізгі сигналдар, сараптамалық бағалар және ықтимал сценарийлер қамтылған.

Осыған дейін АҚШ Үнді мұхитында Иран мұнайы тиелген танкерді ұстағаны белгілі болды.