Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі: Air Astana рейстері тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты рейстер тоқтатылғанын хабарлады.

Air Astana and FlyArystan flights to bypass Iranian and Iraqi airspace
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Air Astana компаниялар тобы 24 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:

КС205/206/Астана-Дубай-Астана

КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы KC551/552/Шымкент-Доха-Шымкент (чартер)

- Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады. Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалауда және жағдай жақсарған сайын рейстердің 25 маусымнан жаңғыртуын қарастырады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін SCAT әуе компаниясы рейстердің кешігетіні туралы ескерту жасағанын жазған едік.

Таяу Шығыстағы қақтығыс әуе қатынасына әсер етіп, рейстер тоқтатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар