Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан мұнай бағасы шарықтап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мұнайдың әлемдік бағасы Таяу Шығыстан мұнай жеткізуге қатысты қауіптің күшеюіне байланысты өсіп жатыр.
8 қазан WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 89,83 доллар болды. Баға 1,76%-ға өсті.
Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 102,28 долларға жетіп, 2 долларға немесе 2,08%-ға қымбаттады.
Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы шамамен 7 долларға немесе 5,39%-ға төмендеп, барреліне 121,38 долларға жетті.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, мұнай бағасының өсуіне ең алдымен Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізуге қатысты қауіптер әсер етіп отыр. Қақтығыс басталғанға дейін бұл бағыт арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 20%-ына тең мұнай мен мұнай өнімдері тасымалданған.
Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы маңындағы кемелерге жасалған шабуылдардың жиілеуі де нарыққа қосымша қысым көрсетіп отыр.
Еске салайық, «Үлкен жетілік» елдері әлемдік энергетикалық нарықты тұрақтандыру үшін стратегиялық қорлардан 100 млн баррель мұнай мен мұнай өнімдерін бірлесіп босатуға келісті.