Таяу Шығыстағы жағдай сән-салтанат саласына қалай әсер етті

АСТАНА. KAZINFORM – Францияның сән-салтанат алыбы LVMH (Moët Hennessy Louis Vuitton) 19,1 млрд еуро кіріс тапқаны туралы есеп берді, бұл ретте пайда өсімі нарық күткеннен айтарлықтай төмен – небәрі 1% болды, деп хабарлайды Kazinform.

LVMH
Коллаж: Kazinform/Canva

Компанияда кірістің төмендеуін геосаяси және экономикалық факторлармен, соның ішінде органикалық өсімді шамамен 1%-ға төмендеткен Таяу Шығыстағы жағдаймен түсіндірді. 

Ең елеулі төмендеу негізгі сегмент – сән және былғары бұйымдарында тіркелді, онда кіріс 9%-ға төмендеді. Теріс динамика басқа бағыттарда да байқалған: парфюмерия және косметика (минус 6%), сағаттар мен зергерлік бұйымдар (минус 2%), бөлшек сауда (минус 3%) және шараптар мен спиртті ішімдіктер (минус 2%).

Аймақтық тұрғыдан алғанда, компания сатылымның АҚШ-та жоғары екенін атап өтті. Еуропа мен Жапонияда сұраныс тұрақты болып қалды, бірақ туризмнің төмендеуімен шектелді. Азияда (Жапонияны қоспағанда) тұрақты өсім сақталған, мұны компания 2025 жылдың соңында жақсарған серпінмен байланыстырып отыр. 

Күтілген нәтиже төмен болғанына қарамастан, LVMH Louis Vuitton және Christian Dior сияқты брендтерінің дамуына, сондай-ақ бөлшек сауда желісіне және жаңа өнімдердің шығарылуына инвестиция салуды жалғастыратынын атап өтті.

Компания 2026 жылға қатысты «сақтықпен оптимистік көзқараста» екенін және нарықты әртараптандыру және одан әрі инновациялар арқылы өз позициясын нығайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. ағылшын тіліндегі түпнұсқа мақаланы осы сілтеме арқылы оқуға болады. 

Осыған дейін қазақстандық зауыт Louis Vuitton және Gucci брендіне тоқыма өнімдерін жеткізетінін хабарладық