Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Сәрсенбіде әлемдік мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты өсіп жатыр.
7 қазан таңертеңгі жағдай бойынша WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 90,18 доллар болды. Бұл 0,74 долларға немесе 0,83%-ға өскен.
Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 101,53 долларға жетіп, 0,95 долларға немесе 0,94%-ға қымбаттады.
Ресейдің Urals мұнайының бағасы 13,54 долларға немесе 11,80%-ға өсіп, барреліне 128,30 доллар болды.
Мұнай бағасының өсуіне Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі себеп болды.
Дүйсенбіде хуситтер Эр-Рияд пен Хурайстағы Saudi Aramco нысандарына баллистикалық зымырандар мен дрондар арқылы соққы жасағанын мәлімдеді.
Осыдан кейін Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Сауд Арабиясына келісілген әскери күштер мен құралдарды белгіленген уағдаластықтар аясында ұсыну бойынша шаралар қабылдауға шешім қабылдады.
Осы ретте АҚШ президенті Дональд Трамп дизель отынының жоғары бағасын төмендетуге бағытталған жарлыққа қол қойды.
Бұған дейін «Үлкен жетілік» елдері Халықаралық энергетикалық агенттікпен (ХЭА) бірлесіп нарыққа 100 млн баррель шикі мұнай мен дизель отынын шұғыл шығаруға келіскен еді.