Таяу Шығыстың салқыны: ЕО-ның энергия шығындары 24 млрд еуроға артты

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық Одақтың (ЕО) Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы бері энергия ресурстарына жұмсаған қосымша шығындары 24 миллиард еуроға жетті. Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында ЕО-ның энергетика жөніндегі комиссары Дан Йоргенсен мәлімдеді, жазды BILD.

Таяу Шығыстың салқыны: ЕО-ның энергия шығындары 24 млрд еуроға артты
Фото: pixabay

– Қақтығыс басталғалы бері энергияға кеткен қосымша шығындар 24 миллиард еуроны құрады. Бұл күніне шамамен 500 миллион еуро деген сөз. Мұны Еуропалық Одақтағы барлық елдер, өнеркәсіп пен қарапайым тұрғындар сезіп отыр, – деді ол.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Иранның Ормуз бұғазындағы кикілжіңіне байланысты мұнай бағасы көтеріліп жатқанын жаздық.

Ал Nissan Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты автокөлік өндірісін қысқартатыны белгілі болды.

Жапония қосымша 20 күндік мұнай қорын босатады.

Германияда жанармайдың қымбаттауына байланысты автобандарда жылдамдықты шектеу ұсынылды.