Таяу Шығыс миллиардерлерінің басым бөлігі Сауд Арабиясында өмір сүреді

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Таяу Шығыс миллиардерлерінің тізіміне басшылық етті. 2013 жылы 204 миллиард доллар сомасы бар Корольдіктің алпыс төрт азаматы аймақтың бай адамдарының тізіміне кірді.

Таяу Шығыс миллиардерлерінің басым бөлігі Сауд Арабиясында өмір сүреді

Бұл мәлімдемені Сингапурдегі «Wealth-X» компаниясы ұсынды. Олардың мәліметтері бойынша, Сауд Арабиясында жалпы жағдайы 285 миллиард АҚШ доллары бар 1360 ең бай адам өмір сүреді.

Біріккен Араб Әмірліктері 190 млрд. АҚШ доллары бар, бір мың елу долларлық табысы бар миллиардерімен екінші орынды алады, одан кейінгі орында 145 миллиард доллар табысы бар сегіз жүз қырық бес бай адам өмір сүретін Кувейт келе жатыр.

Мәлімдеме авторларының пікірі бойынша, соңғы он екі айда АҚШ және Еуропада экономика Азияға қарағанда қарқынды дамуда, алайда әлемнің басқа аймақтарына қарағанда, дәл осы Азия континентінде ерекше бай адамдар капиталы жылдам қалыптасатын болады.