Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы қымбаттап барады

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Ливиядағы тәртіпсіздіктер Оманға өтіп, Таяу Шығыстағы жағдай ушыға түскеннен бері, мұнайдың бағасы аспандап барады.

Таяу Шығыстағы жағдайға  байланысты мұнай бағасы  қымбаттап барады

«Қара алтынның» әлемдік жеткізіліміне алаңдаушылық туғызып отырған осы оқиғалардың нәтижесінде Нью-Йорк биржасында кешегі саудада Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері 1,6 долларға көтеріліп, 99,48 доллар/баррельге жетсе, Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,11 долларға қымбаттап, 114,25 доллар/баррельді шамалады.