Таяу уақытта Қазақстанның солтүстігі мен шығысында температура 40 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 17-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының бұзылатындығы жөнінде ескерту жариялады.
Таяу арадағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстігі мен шығысында температура 40 градус аязға дейін күрт төмендеуі, қар жауып, боран соғуы мүмкін.
Астанада желтоқсанның 17-сінде оқтын-оқтын қар жауады, боран соғады, батыстан соққан жел секундтына 15-20 метрге жетеді. Температура 27-29 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында желтоқсанның 17-сінде кей жерлерде қар жауып, боран соғады, батыстан соққан жел секундтына 17-22 метрге жетеді, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін, кей жерлерде 33-38 градусқа дейін жетіп аяз болады, желтоқсанның 18-і және 19-ы күндері қатты аяз сақталады - 30-35 градусқа, кей жерлерде 40 градусқа дейін суытады.
Павлодар облысында желтоқсанның 17-сінде - қар жауады, боран соғады, батыстан соққан жел секундтуна 17-22 метрге жетеді, ауа температурасы 15-20 градус, кей жерлерде 25 градусқа, желтоқсанның 18-і және 19-ы күндері температура 30-35 градусқа дейін, кей жерлерде 40 градусқа дейін төмендейді.
Қарағанды облысында желтоқсанның 17-сінде кей жерлерде қар жауады, боран соғады, батыстан соққан жел секундтына 17-22 метрге жетеді, ауа температурасы 18-23 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 28-33 градус аяз болады, желтоқсанның 18-і және 19-ы күндері түнде ауа температурасы 20-25 градус, кей жерлерде 30-35 градусқа дейін суытады.
Астанада күн ала-бұлтты болып, түнде қар жауады, боран соғады. Батыстан соққан жел секундтуна 9-14 метрге жетеді. Температура түнде - минус 27-29 градус.
Алматыда - күн ала бұлтты, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан соққан жел секундтуна 3-8 метрге жетеді. Температура түнде минус 4-6 градус.