14:36, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Таяу үш күнде аязды күндер жылына бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тропосферада қалыптасқан ауа массасының батыс-шығысқа ауысуы Қазақстанның солтүстік жартысында температураның едәуір көтерілуіне әсер етті.

«Өткен аптада ауа температурасы 8-13º нормадан төмен болса, түнгі температура 30 градусқа дейін төмендеді. Алдағы үш күнде Атлантика аудандарынан келген жылы ауаның ықпалымен республиканың барлық аумағында 3-10º климаттық нормадан жоғары болады», - деп хабарлады 24-26 қарашадағы ауа райын болжаған «Қазгидромет» РМК.
Бұл ретте облыстардың басым бөлігінде бұлтты ауа райы сақталады. Жер-жерлерде жауын-шашын, жылбысқы қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана Сібір антициклоны тарамдарының ықпалымен ауа райы ашық болып, түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.