Таяу және Орта Шығыстағы ахуалды араб елдерінің дағдарысы деуге болмайды - ҚР ҰҒА президенті

АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Таяу және Орта Шығыс елдері арасында экономикалық дамуы жағынан өзгелерге үлгі бола алатын мемлекеттер бар.

Таяу және Орта Шығыстағы ахуалды араб елдерінің дағдарысы деуге болмайды - ҚР ҰҒА президенті

Бұл бүгін Алматыда "Араб дағдарысы: себебі, қауіп-қатерлері, салдары" деген тақырыпта өткен сарапшылар мәслихатында айтылды.

"Таяу және Орта Шығыстағы ахуалды араб елдерінің дағдарысы деуге болмайды. Онда мемлекет құрудағы экономикалық және демократиялық негіздері жағынан өзгелерге үлгі бола ататын мемлекеттер бар. Сондықтан пікірсайыс тақырыбын бұлай құруға болмайды", - дейді ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов. Академиктің айтуынша, мұндай шара арқылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ететін Қазақстан кейбір араб елдерінің өкпе-ренішін тудыруы мүмкін.

Ал ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбаевтың айтуынша, араб дағдарысы деген сөз қазір барлық жерде қолданысқа еніп кетті. Ол араб елдерін ғана шарпып отыр.