Таяу жылдарда мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі бағдарлама аясында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таяу жылдарда мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі бағдарлама аясында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады. Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген 2012-2016 жылдар аралығын қамтитын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жоспарында аталған саланы дамыту мақсаты көзделіп отыр.
None
None

Елімізде мұнай-газ секторын дамыту саясаты мұнай мен газдың экспортын ұлғайтуға, мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыруға, жаңа мұнай құбырларын салуға, ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен газға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында жүзеге асырылады.

Осы бағдарлама шеңберінде бірқатар үлкен жобалар қарастырылған. Атап айтқанда, Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральдық газ құбырын салу, Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумы өндірісін салу, Қаражамбас ауыр мұнайын қайта өндіру, қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру және жаңғырту, интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобалары жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар