Таяуда Астанада тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңіне қатысушылар арасында пәтер үлестіріледі

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Жақын арада Астананың тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңіне қатысушылар арасында пәтерлерді үлестіреді.

Таяуда Астанада тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңіне қатысушылар арасында пәтер үлестіріледі

Бұл туралы елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің блогындағы сұраққа жауабында айтты.

«Қазіргі кезде Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша салынған бірқатар нысандар жұмыс комиссиясына тапсыру шарасынан өтіп жатыр. Жақын арада олар пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ өз кезегінде тұрғын үй комиссиясы бағдарламаға қатысушылар арасында кезекті  пәтерлерді үлестіруді іске асырады»,-дейді әкім.