Таяуда болып өткен сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Н.Назарбаевқа деген сенімінің жоғары екендігінің айқын көрінісі - Ислам Каримов
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов құттықтады,
деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,
Таяуда болып өткен сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Сізге деген сенімі мен қолдауының жоғары екендігінің айқын көрінісі.
Көреген саясаткер және басшы ретіндегі Сіздің бай тәжірибеңіз бұдан былай да Қазақстан мүддесіне, біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достық және тату көршілестік қатынастарды нығайтуға қызмет ете беретініне сенемін.
Өзбекстан Республикасының Президенті
Ислам Каримов
Ташкент, 2011 жылғы 5 сәуір