Таяуда инновациялар картасы құрылмақ - Индустрия және жаңа технологиялар министрі

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі биыл индустрияландыру картасының баламасы бойынша инновация картасын қалыптастыруды ұсынды.

Таяуда инновациялар картасы құрылмақ - Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы елімізде инновациялық жобаларға айырықша назар аударылатын болады. Осыған байланысты инновациялар картасын құру қажет. Яғни, бұл инновациялық жобалардың картасы болып негізделеді. Онда қолдау көрсетудің арнайы тетіктері мен жағдайы қамтылады.

Осы мәселе бойынша тиісті ұсыныстар Үкіметке таяу уақытта енгізілетін болады.