Таяуда көктемгі егіске арзандатылған бағамен жіберілетін жанар-жағармайдың бағасы белгілі болмақ

АСТАНА.ҚазАқпарат - Көктемгі егіс науқанында жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағармай зауыттардан литріне 80 теңгеден жіберілуі мүмкін.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.

«Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың, біздің министрліктің және Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өтіп, онда көктемгі егіс науқанында арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, 300 мың тонна дизель отыны қажет. Біздің министрлік бір литрін зауыттардан 80 теңгеден жіберуге болатындығы туралы есептеулерді ұсынды. Жеткізу шараларын ескере отырып, стансалардағы баға литріне 85 теңгені құрайды»,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, кеңес барысында жақын арада Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, талдау жүргізу арқылы жеңілдетілген бағамен берілетін жаңармайдың нақты бағасын белгілеу тапсырмасы берілді.

Соңғы жаңалықтар