13:03, 30 Тамыз 2017 | GMT +5
Таяуда Өзбекстанда Ислам Каримовтың мемориалдық кешені ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қыркүйек күні Самарқанд қаласында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қабірінде мемориалдық кешен ашылады. Бұл туралы оның кенже қызы Лола Каримова-Тилляева мәлім етті, деп хабарлайды Podrobno.uz .

«Орталық Азиядағы сәулет өнерінің ең үздік элементтері мен дәстүрі жинақталған мавзолей 2 қыркүйек күні - әкемнің дүниеден өткеніне бір жыл толған кезде ашылады», - деді Лола Каримова-Тилляева Самарқандтағы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде. Баяндама мәтіні оның Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.
Өткен жылы ЮНЕСКО жанындағы Өзбекстанның тұрақты өкілдігі ЮНЕСКО және ИКОМОС бүкіләлемдік мұра орталығымен бірлесіп Ислам Каримовтың қабірінің орнында мемориалдық кешен құрылысы жобасымен жұмыс істеді.