Таяуда Үкіметте 2030 жылға дейін ҚР-ның аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негізгі ережелері талқыланып, мақұлданады

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Таяуда Үкіметте 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негізгі ережелері талқыланып, мақұлданады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Таяуда Үкіметте 2030 жылға дейін ҚР-ның аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негізгі ережелері талқыланып, мақұлданады

Оның атап өтуінше, бүгінде елімізде Елді 2020 жылға дейін аумақтық кеңістіктік дамытудың болжамды сызбасы іске асырылуда. Ол өндіріс күштерін, көлік-коммуникация, әлеуметтік және өзге де инфрақұрылымды ұтымды орналастыру және өңірлер бөлінісінде халықты қоныстандыру жүйесі болып есептелінеді. «Оны іске асыру үшін Өңірлік даму министрлігінің тарапынан 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негізгі ережелері жасалды. Жақын арада ережелер Үкімет назарына ұсынылып, мақұлданатын болады», - деді ол.