Таяудағы болашақта Қытай вакцинаның ірі жеткізушісі болады - Билл Гейтс

БОАО. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайдың инновациялар саласындағы тәжірибесі әлемге, әсіресе індеттердің таралуына бақылауды қамтамасыз етуде және дәнді дақылдар өндірісінде пайда келтіре алады, деп мәлімдеді танымал американдық кәсіпкер Билл Гейтс бұл күндері Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында өтіп жатқан Боао азиялық форумының ауқымында.

Таяудағы болашақта Қытай вакцинаның ірі жеткізушісі болады - Билл Гейтс

Билл Гейтстің айтуынша, Қытайдың ғылымдағы серпіні Африкаға және нашар дамыған елдерге эпидемиямен, аштықпен және қайыршылықпен күресте көмектесе алады. «Қытайда болып жатқан ғылым мен техника саласындағы серпін кедей адамдардың салауатты және өнікті өмір сүруіне көмектесетін болады», деп атап өтті Б.Гейтс, ол сонымен қатар американдық Билл және Мелинда Гейтстер қорының тең төрағасы.

Гейстің хабарлауынша, Қытай үш онжылдықтың ішінде денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларындағы инновациялардың арқасында 600 млн. адамды кедейлік шырмауынан шығарды. «Біз, мәселен, Қытай вакцина жасауда көшбасшы болып отырғанын байқап отырмыз», - деп атап өтті Б.Гейтс

Таяудағы болашақта Қытай вакциналардың ірі жеткізушісі бола алады, деп санайды американдық миллиардер. Гейтс медицинадан басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру саласындағы қытайлық инновациялар ауыл шаруашылығы төменгі деңгейде қалып отырған Африкадағы аштықты төмендететініне сенеді.

ҚХР Үкіметі американдық Билл және Мелинда Гейтстердің қорымен ауыл шаруашылығы, елеулі жүқпалы ауруларға қарсы вакициналар жасау мен оның өндірісі салаларында тығыз ынтымақтасуда.