Таяудағы тәуліктерде еліміздің оңтүстік өңірлерінде қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 14-16 наурызда республиканың  оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстіктің кей жерлерінде жауын -шашын болады.
None
None

Көбінесе қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел тұрады, солтүстікте жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.  

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел тұрып, 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын.

 Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.  

Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с аралығында болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар