Таяудағы тәуліктерде ШҚО және Алматы облыстарының өзендерінде нөсер жаңбыр болуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяудағы тәуліктерде Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде нөсер жаңбыр болуы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Таяудағы тәуліктерде ШҚО және Алматы облыстарының өзендерінде нөсер жаңбыр болуы ықтимал

«5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кейбір өзендерінде нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны қалыптасуы күтілуде», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, таяудағы тәуліктерде - 5 шілдеде Алматы облысының кейбір өзендерінде де күшті жаңбыр жаууы салдарынан су тасқыны қалыптасып, сел жүруі мүмкін.