10:01, 18 Қазан 2016 | GMT +5
Тайфун салдарынан қытайлық Хайнань провинциясында 250 әуе рейсі тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Хайнань провинциясында «Сарика» тайфуны салдарынан жергілікті Хайкоу қаласының «Мэйлань» әуежайынан шамамен 250 рейс ұшырылмайтын болды. Әуе айлағы дүйсенбі күні жергілікті уақытпен 23.30 шамасында (Мәскеу уақыты бойынша 18.30) жұмысын тоқтатты.

Сонымен қатар Хайнань аралы маңында ұшақтардың ұшуы тоқтатылды. Ұшақтармен ұшу жергілікті уақытпен сағат 16.30 (Мәскеу уақыты бойынша 11.30) кейін қалыпқа келтіріледі, деп хабарлады РИА Новости.
«Сарика» тайфуны Цюнхай мен Санья қалаларының арасында болмақ. Оның қуаттылығы супертайфундікімен теңесіп, соңғы он жылда аралда болған ірі табиғи апатқа айналуы мүмкін.