Тайгада адасып, әзер табылған екеу аштан өлмес үшін қасындағы серігін жеп қойғанын мойындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияның жоғарғы соты адам етін жеді деген айып тағылған қылмыскерді 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС Республиканың Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Якутия Жоғарғы сотының сот коллегиясы Нерюнгрин қалалық сотының үкімін өзгертіп, Алексей Горуленконы жапа шегуші марқұмның денсаулығына қасақана зиян келтіру арқылы оны өлтірді деп айыптады. Ол 12 жыл жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді", - деді Жоғарғы сотта.
2 маусымда Нерюнгрин қалалық соты Горуленконы 3,5 жылға шартты түрде бостандығынан айырып, сот залында босатқан.
Тергеу барысында анықталғандай, 2012 жылы жазда Саратов облысының тұрғыны Горуленко және тағы үш адам Тайгада адасып қалған. Құтқарушылар қазан айының соңында тек Горуленко мен тағы бір адамды ғана тапқан. Бірнеше күннен кейін жақын жерде тағы бір адамның денесінің бір бөлігін тапқан. Сотта Горуленко мен оның қасындағы адам аштықтан өлмеу үшін сол кісінің етін жеуге мәжбүр болғанын айтқан.
Төртінші ер адам әлі күнге із-түзсіз жоғалған деп есептеледі.
Горуленкоға қатысты үкімге мемлекеттік айыптаушы мен жапа шеккеннің туыстары шағымданған. Іс Якутия Жоғарғы сотының қарауына өтіп, жаңа үкім шығарылды.