Тайланд астанасында шағын кемедегі жарылыстан 58 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкокта жолаушылар қайығындағы қозғалтқыштың жарылуы салдарынан 58 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, су көлігінде шамамен 70 адам болған. Жолаушылар таситын шағын кеме айлақта тұрғанда жарылған. Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, екеуінің жағдайы ауыр.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа сұйық газбен жұмыс істеген қозғалтқыштың ақауы себепші болған.
Еске сала кетсек, Бангкокта су арналар жүйесі бар. Онда жолаушыларды тасымалдайтын қайықтар жүреді.