Тайланд кейбір провинциялардағы Камбоджамен шекараны жапты

АСТАНА. KAZINFORM – Тайланд әскері Кабоджамен шекарадағы өткізу бекеттерін жапты. Енді ол жерден сапарлаушылар өте алмайды. Бұл екі ел арасындағы бұрыннан келе жатқа территориялық даудың шеиеленісуімен байланысты болып отыр. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Таиланд закрыл границу с Камбоджей в некоторых провинциях
Фото: Wikimedia

Таиланд армиясы мен әскери-теңіз күштерінің мәлімдемесіне сәйкес, Камбоджамен шекараны кесіп өтуге барлық көлік түрлеріне және адамдарға – тайлықтарға да, шетелдіктерге де – жеті провинция аумағында тыйым салынды.

Камбоджа мен Таиланд арасындағы шиеленіс мамыр айында күрт күшейді. Шекарадағы даулы аумақта болған қысқа атыс кезінде камбоджалық сарбаз қаза тапқан. Бұл оқиғаға байланысты екі тарап та жауап берді.

Саяси дағдарысқа тап болған Таиланд премьер-министрі Пхетхонгтан Чиннават дүйсенбі күні шекаралық бақылау күшейтілетінін, тек ерекше жағдайларда ғана, мысалы, емделуге мұқтаж науқастарға немесе оқуға баратын студенттерге ғана шекарадан өтуге рұқсат берілетінін мәлімдеді.

Шекараның жабылуы – екі елдің бір-біріне қарсы қолданған шараларының жалғасы. Кейнгі уақытта Камбоджа тай фильмдерін теледидар мен кинотеатрларда көрсетуді тоқтатып, Таиландтан жеміс-жидек, көкөніс, газ және жанармай импортын алуды тоқтатты. Ал Таиланд шекаралық бақылауды күшейтіп, екі ел де бір-бірінің азаматтары үшін виза мерзімін қысқартты.

Шектеулер енгізілген провинциялар: Убонратчатхани, Сурин, Бурирам, Сисакет, Са Кео, Чантхабури және Трат.

Бұған дейін премьер-министр Пхетхонгтан Чиннават шетелдіктер үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартуды тапсырғаны хабарланған еді.

Осыған дейін Тайланд парламенті біржынысты неке туралы заң қабылдағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар