Тайланд королі Үндістандағы Махабодхи ғибадатханасына 100 келі алтынын сыйға тартты

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Тайландт королі Пумипон Адульядет 100 келі алтынын Үндістандағы танымал Махабодки храмының ұшар басын безендіруге берді.
None
None

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша,14,5 миллион доллар тұратын мұндай бағалы сыйлық Үндістанның Бихар штатына арнайы рейспен жеткізілген. Ғибадатхана қызметкерлері оның төбесін алтынмен қаптауға шамамен 300 келі алтын қажет деп отыр. Керекті бағалы металды қайырымдылық жасаушылар жинап та үлгерген. Ал декорациялау жұмыстары бір ай көлемінде аяқталуы тиіс.

Бихар штатының астанасы Патнадан 96 шақырым жерде орналасқан ғибадатхана 2002 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасына жататын қорғалатын нысанға айналды. Оның іргетасы біздің эрамызға дейінгі 260 жылы қаланған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар