Тайланд королінің баласы 27 жылдан кейін елге оралып, жұртты таңғалдырды

БАНГКОК. ҚазАқпарат – Тайланд королінің екінші ұлы Маха Вачиралонгкорна күтпеген жерден елге келді. Ол 30 жылға жуық уақыт ішінде корольдікке бірінші рет келіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Тайланд королінің баласы 27 жылдан кейін елге оралып, жұртты таңғалдырды
Фото: twitter.com/rwthofficial

Құрама Штаттарда тұрып, жұмыс істейтін 42 жастағы Вачараесорн сейсенбі күні Бангкоктағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған балабақшаны көріп қайтқан. Балаларды күтуге арналған қорда журналистерге сұхбат берген Вачараесорн «Тайландқа оралғаныма қуаныштымын, мені жылы қарсы алды. Мен көп уақыт, яғни 27 жыл елде болмадым», - деп мәлімдеді.

Вачараесорн 71 жастағы король Вачиралонгкорн мен оның екінші әйелі Ювадхида Полпрасеттің төрт ұлының екіншісі. Ол әйелімен 1994 жылы отау құрып, кейін ажырасып кеткен. Ажырасқаннан кейін Вачараесорн анасы және бауырларымен бірге эмигранттар ретінде корольдік дәрежесінен айырылған болатын.

Король сарайы Вачараесорнның Тайландқа келгені туралы ресми ақпарат немесе көпшілікке мәлімдеме жасаған жоқ. Вачараесорнның Отанына келуі король отбасындағы қиын кезеңдерге тап келгені қызық. Корольдің үлкен баласы, 44 жастағы ханшайым – Баджракитиябха желтоқсанда жүрек ауруына байланысты ес-түссіз күйде ауруханаға жатқызылды. CNN Тайланд королінің нақты мұрагері жоқ екенін жазды.

1952 жылы дүниеге келген Вачиралонгкорн 2016 жылы елді 70 жыл басқарған әкесі, король Пхумипон Адульядета қайтыс болғаннан кейін таққа отырды. Король төрт рет үйленген және оның жеті баласы – екі қызы мен бес ұлы бар. Олардың тек біреуі ғана ресми ханзада болып мойындалған. Сол себепті екінші ұлының Тайландқа келгеніне көпшілік таңғалды.