12:28, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Тайланд пен Камбоджа шекарасында даулы храм аумағы үшін әскери қимылдар қайта басталды
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Тай және камбоджалық әскерлердің қақтығысы болған қауіпті аймақтан азаматтарға көшуге кеңес беріліп жатыр,
деп жазады Life News.
Тайланд пен Камбоджа шекарасында даулы храмның аумағы үшін әскери қимылдар қайта басталды.
Осы жолы ахуал бұрынғыдан да ушығып тұр. Маңайдағы елді мекендердің тұрғындарын жедел түрде көшіріп жатыр. Атыс барысында кем дегенде 4 адам қаза тауып, 17-сі жараланды.
Үнді храмы Дангрек тауының шыңында екі елдің шекарасында орналасқан. 1962 жылдан бері аумақ Камбоджаға тиесілі, бірақ, тайлықтар осы онжылдықтардың ішінде храм кешеніне иелік етуге тырысып келеді.